Құрметті кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Қарлығаш» тобы атынан шын жүректен құттықтайды! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
І. Әнұран.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отанның бақытты ұлымын!» қысқаша тәрбие сағатын тамашалаңыздар.
Елші:
- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші:
- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Елші:
- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші:
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Елші:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Елші:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елші:
- Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
- Астана қаласы.
Елші:
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Елші:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Нұрислам: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Халима: Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.
Жүргізуші:
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?
V. Нақыл сөздер.
1. Отан – оттан да ыстық.
2. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
3. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4. Оз елің алтын бесік.
5. Халқын сүйген, салтын сүйеді.
6. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. Арайлым.
Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Ән. «Атамекен»
Жүргізуші:
Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса – жаса мәңгіге туған елім.
Осыменен «Қарлығаш» тобының қысқаша тәрбие сағатын аяқтаймыз. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!