8 Наурыз «АНАШЫМ-АЙ КҮНІМ!»
Жүргізуші:
Бүгінгі «АНАШЫМ- АЙ КҮНІМ» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Сезім
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Әділ
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Нұрислам
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Халима
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Жүргізуші:
Ойын: «Қыздарга гүл сйлау!»
5қыз, 6 ұл 5 гүл шоғы.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар сендерге ойнымыз ұнады ма?
Қыздар біздің ұлдардың сендерге арнап дайындаған билері бар екен бірге тамашалайсыз ба?
Жүргізуші: Жарайсыңдар ұлдар, құрметті аналар біздің балалардың сіздерге арнап жаттаған тақпақтары әлі біткен жоқ, олай болса ортаға тақпақ айтатын балақайларды шақырайық.
Аружан
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Дәрия
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Алинұр
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Кәусәр
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Жүргізуші: Ұлдар біздің қыздар да сендерден қалыспай, аналарына арнап би дайындап келіпті, олай болса бәріміз бірге қыздарымыздың билерін тамашалайық!
Жүргізуші: балалар аналарымызға ән айтып береміз бе, аналар «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің атынан ән!
Жүргізуші: