«Күз ханшайымы»
Тақырыбы:«Күз ханшайымы»
Тәрбиеші :Құрметті ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерге «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз бөбекжайымыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан, бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
«Балдаурен» бөбекжайының меңгерушісі Оборовская Евгения Олеговна,
№1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имантаева Айбат Қонысбаевна
№1 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Далелхан Ербол
Тәрбиеші :
Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысты біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын.Музыка ойналып тұрады)
Тәрбиеші : Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
3. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
4. « Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қол өнержұмыстары
«Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
1.Алдаберген Сезім: Атым болады – Сезім сұрасаңыз,
Мадияр екен кешегі бір атамыз,
Әкем аты – Амантай асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
2.Баймағамбет Амина: - Мен Баймағамбет Амина, 3 жастамын, балабақшаға барып жүрмін. Күзді жақсы көремін.
3.Муканова Аружан Күз ханшайымы.
Есік ашты біздерге,
Азатқызы Аружан,
Сәлем берді сіздерге.
4.Оспанова Томирис: -
5.Данияр Дария:-
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылар бағасын қойғанша «Қарлығаш» тобының ұлдарынан күзге байланысты өлең шумақтарын қарсы алыңыздар:
Али
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт, піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр- сыбдыр түседі
Ануар
Күз келді алақай
Қуаныңдар балақай
Сарғайады тоғай
Сап сары маңай
Нұрислам
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жеміістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Аятхан
Алтын сары қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өз өнерлерін ортаға салады. Бірі би билеп, бірі ән айтады. (Жаңылтпаштар айтуға да болады)
Әділ-қазылардың берген бағасы.
Би: «Қырманға кел қалқатай» ұлдар биі.
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Әділ-қазылардың берген бағалары.
Диас
Күзде дала жаурайды
Көкте бұлттар аунайды
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды
Әділ
Жемісі мол теретін
Күз дос екенен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Айдын
Сау сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып аттырап
Көкке бұлттар тізілді.
«Шебер қолдар»(Ата-аналармен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстары)
Тәрбиеші: Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін ойынға кезек береміз.
Ойын: «Жемістер мен көкеністерді тап»