Астрахан ауданының "Балдаурен" жеке меншік бөбекжайы
Частный ясли - сад "Балдаурен" Астраханского района

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп 2022.

28.02.2023

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп 2022.

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

ЖК «Ж. Абильдина» , «Балдаурен» жеке балабақшасы

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

            Бөбекжайда білім беру саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы «Балдаурен» балабақшасы 75 қызмет көрсетті;

электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілген 75  қызмет;

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

            Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

 

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

            Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидалары орналастырылған ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілер жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Балдаурен» балабақшасы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

«Балдаурен» бөбекжайында бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

 

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

            2023 жылы «Балдаурен» балабақшасы жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

 

 

Басшысы:                                                          Ж.  Абильдина

 

 

Орынд. Оборовская Е.О.

Тел: 2-21-04

 

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст