Текст
Бүгін, 2022 жылдың 25 қазанында еліміздің тарихында тұңғыш рет Республика күні ұлттық мерекесі тойлануда!Астраханка ауылының орталық алаңында мемлекеттік тудың салтанатты көтерілу мерекелік іс-шарасы өтті. Концерт, ұлттық спорт түрлері өткізілді және көңілді аниматорлар балаларды өздерінің қатысуларымен қуантты. «Балдаурен» жеке меншік бөбекжайының ұжымы сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды! Бастарыңызға бейбіт аспан, елімізге амандық, жарқын болашақ тілейміз.