30 қыркүйек күні бөбекжайымызда мониторингтік тексеру жүргізілді. Мониторингтік тексеру мүшелерінің құрамын: есепші-Ляшенко Н.Ф., медицина қызметкері- Магзумова Д.М.,"Құлыншақ" тобының ата-аналар комитетінің төрағасы - Оспанова З.М.,осы топтың ата-аналар комитетінің мүшесі - Муканова Ж.Б., «Фантазерлар» ата-аналар комитетінің өкілі - Бейсембаева А.М. құрады. Олар СанПин нормаларына сәйкес диетаның сақталуын тексерді, келіп түсетін шикізат пен өнімдердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің сақтау мерзімі мен сатылуын, сондай-ақ күйі мен сақталуына қойылатын санитарлық талаптардың сақталуын, сонымен қатар шикізатты дайындауға және сақтауға арналған үй-жайлар жағдайын бақылады.Мониторингтік тексеру қорытындысы бойынша ата-аналар комитеті мүшелерінен ірімшік өнімін ауыстыру және түстен кейін қосымша ыстық тамақ енгізу туралы ұсыныс түсті. Бөбекжай басшылығы 3 қазанда «Плавыч» шұжық ірімшігін қатты «Сметанник» ірімшігімен алмастыру және мектеп жасына дейінгі балалардың теңгерімді тамақтануын толық жүзеге асыру үшін түстен кейін ыстық тамақ енгізу туралы шешім қабылдады.