Текст
2022 жылғы 09 маусымда бөбекжайымыздың балалары Астраханка ауылындағы Балалар музыка мектебіне «Музыкалық карусель» атты концертке шақырылды. Балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздарының орындауындағы классикалық музыканы қызығушылықпен тыңдады, сонымен қатар әртістердің рөлдерін сомдап, шулы аспаптарда ойнады.
Осындай жарқын эмоциялар мен қызықты демалыс үшін «Балдаурен» бөбекжайының бүлдіршіндерінен мың алғыс.