тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге асырады;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды ӛкілдерін) білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
Педагогтер: әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына перспективалық жоспар құрастырады;
- сабақтарды ӛткізу жоспарын құрады;
- демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, кӛрсетуге арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.) дайындайды;
- бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар ӛткізеді;
- ата-аналармен кері байланыс орнатады;
- ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар ӛткізеді.
Мектепке дейінгі ҧйымдарда кезекші топтардың жҧмысын ҧйымдастыру
Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды ӛкілдерінің) ӛтініштері негізінде жүзеге асырылады. Ӛтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады.
Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды ӛкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына ӛз қалауы туралы ӛтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.
Тәрбиеші ӛтінішті әкімшілікке береді.
Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі берілген ӛтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.
Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда ӛзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басшының атына ӛтініш беру арқылы кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды ӛкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды ӛкілдері балаларын кезекші топтарға апара отырып, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық шараларды қолдануға келісімін береді және түсіністік танытады.
Тәрбиеші МДҰ бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім, МДҰ күн тәртібін сақтау және т. б., баланы алдын ала алып келу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін).
Кезекші топтардағы сабақтар перспективалық жоспар мен циклограммаға сәйкес кесте бойынша ӛткізіледі.
Тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі, ұйқы, демалыс режимі сақталады. Күн тәртібі аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды ӛкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші баланы шыққанға дейін ертіп барады.
Ерте жастағы балаларды дамыту (туғаннан бастап 3 жасқа дейін) Жас кезеңдері мен жас топтары (балалардың жасы-оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:
1) бӛбек жасы – 0-3 жас:
нәрестелік жас-туғаннан бастап;
ерте жас- 1 жастан бастап (ерте жас тобы);кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағатты;
2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағатты құрайды.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:
1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат;
2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат.
Осы жас кезеңінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуы мынадай міндеттерінің табысты шешілуіне байланысты:
баланың денсаулығын нығайту, оны шынықтыру, жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін арттыру;
негізгі қимыл түрлерін дамыту (жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, секіру);
баланың қоршаған ортамен байланысын байыту, күнделікті ӛмірде және баламен арнайы ұйымдастырылған әрекетте ортаның құбылыстарын түсінуге қызығушылықты дамыту, оларды ойын, бейнелеу, музыкалық және басқа да әрекетке ауыстыру;
түсінінетін сӛздер қорын кеңейту және белсенді сӛздік қорды байыту;
заттық әрекеттің алуан түрлілігі: жақын маңдағы заттармен, олардың қасиеттерімен, атқаратын қызметімен және олармен әрекет ету тәсілдерімен таныстыру, қасиеттері бойынша заттарды таңдауды және топтастыруды кӛрсету; ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету бойынша қарапайым әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықтарды жинау) жағымды эмоционалдық ынталандыру және қолдау, еңбек әрекеттеріне қызығушылықты тәрбиелеу, оларды ӛз бетінше орындау ниетін ынталандыру.
баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету: әрекет түрлерінде оның дербестігін дамытуға, ӛзін – ӛзі құрметтеу және қадірлеу сезімін әрекетте және қарым-қатынаста табысты бағалау арқылы дамыту үшін жағдай жасау;
ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларына баулу;
баланы ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасқа ынталандыру;
барлық тіршілік иелері (жануарлар, ӛсімдіктер) мен заттар әлеміне сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны балалардың ӛзара әрекеті бойынша әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, бейімделуіне, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа), қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің түрлері (ойын, қимыл, дербес) арқылы іске асырылады.
«Әлеумет» білім беру саласында дербестікті тәрбиелеу, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекет дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері кӛрсетілген.
Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың ӛмірін дұрыс ұйымдастыру оларды тәрбиелеудің маңызды сәті болып табылады.
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:
1 жас-1 жас 6 ай:
- түсінетін сӛздер қорын адамның және жануарлардың дене мүшелерін, заттар мен ойыншықтарды, жақын адамдарды білдіретін зат есімдердің есебінен кеңейту;
- белсенді сӛйлеуді дамыту;
- заттарды кӛлемі, түсі, пішіні бойынша ажырата білу;
- заттармен әрекет ету үшін кӛмекші құралдарды қолдана білуді дамыту (тарту, домалату, қозғалу және т. б. );
- балаларды заттардың пішінімен және кӛлемімен таныстыру.
1 жас 6 ай-2 жас:
- қоршаған орта заттарын білдіретін зат есімдердің, заттардың жағдайын және белгілерін, қимылдарын білдіретін етістіктердің, сын есімдердің есебінен пассивті сӛздік қорды кеңейту;
- диалогтік сӛйлеуді дамыту;
- заттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: заттарды тану үшін жағдай жасау, заттарды топтастыру, түсі, пішіні, кӛлемі және т. б. бойынша сәйкестендіру;
- тӛрт негізгі түсті ажырата білуді дамыту: қызыл, сары, жасыл, кӛк;
- қарапайым заттарды меңгеруге жаттықтыру, оларды күнделікті ӛмірде қолдану.
2 жастан 3 жасқа дейін:
- түсті, кӛлемді, пішінді, сапаны, әрекетті және т. б. білдіретін сын есімдермен, етістіктермен, үстеулермен байыта отырып, белсенді сӛйлеуді дамыту;
- баланы заттар әлемімен таныстыру кезінде жарқын әсерлермен
байытуды жалғастыру;
- әрекетте заттармен түрлі қимылдарды дамыту үшін жағдай жасау;
- түс туралы түсініктерді кеңейту (қызғылт сары, кӛк, қара, ақ);
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
(3 жастан және 4 жастан бастап)
Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы –оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:
мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:
орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ).
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:
- ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағатты;
- ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12 сағатты құрайды
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:
- ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11,5 сағат;
- ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12,5 сағат.
Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік бӛлім кӛрсетілген. Инвариантты бӛлім Үлгілік оқу бағдарламасының міндетті бӛлімін орындауды қамтамасыз етеді.
Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескеріледі.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
ортаңғы топ балалары үшін-1 сағатты;
ересек топ балалары үшін- 2 сағатты құрайды.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
ортаңғы топ балалары үшін - 0,5 сағатты;
ересек топ балалары үшін - 1,5 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу жоспарларына келесідей ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
- «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі мен міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді және аптасына 1 сағатты құрайды. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.
«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:
- «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі
«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.
Мектепалды жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту
(5 жастан бастап)
Мектепалды даярлық 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап) (бұдан әрі - Заң).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31 бабы).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына кӛмек кӛрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке кӛшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Білім беру процесі:
- ӛтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
- апталық циклограммаға сәйкес ӛткізіледі;
- тәрбиеленушілердің жетістіктеріне мониторинг (бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 20 сағат және ҰОҚ ұзақтығы -25-30 мин.
Үлгілік оқу жоспарларына мынадай ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
- «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі және міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, аптасына 1 сағатты құрайды. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.
- «Шет тілі» ҰОҚ алынып тасталды, 1 сағат апталық жүктемесі «Сауат ашу негіздері» ҰОҚ енгізілді және 2 сағатты құрайды.
«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:
- «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық
жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізуге қойылатын талаптар-ұйымдастырылған оқу қызметінің рұқсат етілген кӛлемін, ұзақтығын қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымының қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің кӛлемі-2 сағатты, ал қазақ тілінде оқитын балалар үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 3 сағатты құрайды. Апталық жүктеменің жалпы кӛлемі-20 сағат.
Тәрбиелеу-білім беру қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйым түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен, мазмұнымен негізделген және «Стандартқа қосымшада «Туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесінде» кӛрсетілген тәрбиеленушінің дамуының күтілетін нәтижелерін қамтиды.
Баланың одан әрі дамуы үшін қажетті жетістіктер тізбесі баланың дамуының жалпы әлеуметтік маңызы бар болжамдары, 5 жастан асқан балалардың даму нормалары, белгіленген білім беру мақсатына қол жеткізуге бағытталған ересектер (педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілердің заңды ӛкілдері) қызметіндегі бағыт-бағдарлар болып табылады.