Астрахан ауданының "Балдаурен" жеке меншік шағын орталығы
Частный мини-центр  "Балдаурен" Астраханского района

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан ауданы, Астрахан ауылының

 «Балдаурен» жеке меншік шағын орталығының

сайтына қош келдіңіздер!

Егер сіздің балаңыз үш жаста болса, балаңыз үшін екінші баспана тапқыңыз келсе, балаңыздың өсіп-дамуына, оған кімнің қамқорлық жасайтынына  немқұрайлы қарамасаңыз, балаңызға достар табуға және балалық шақтың ғажайып әлемін танып-білуге көмектесетін балабақшаны таңдауға бей-жай қарамауыңыз керек. Балаларды қонақжайлылықпен күтетін балабақшалардың бірі - «Балдаурен» жеке меншік шағын орталығы.

Бізбен танысыңыз. Сіз мектепке дейінгі мекеме, оның жұмысының ерекшеліктері мен басым бағыттары, біздің балаларымыз мен тәрбиешілердің жетістіктері туралы толық ақпаратты біздің сайтта таба аласыз және де Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қоя аласыз.

Шағын орталығымыздың табалдырығын аттаған соң Сіз өзіңізді сәбиіңізге балабақша қабырғасында  қанық және қызықты  уақыт өткізуге барлық жағдай жасалған  жарқын,  қайталанбас балалық шақ әлемінде сезінесіз.

Біздің балабақшамызда жұмыс жасайтын қызметкрелер:

  • Шығармашылық адамдар, оларсыз баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту процесінің табысты болуы мүмкін емес;
  • Мақсат қоя білетін, өзіндік ерекшелігіне қарай жұмыс әдісін таңдайтын мамандар;
  • Кәсіби шыңдалу жолында рухани және білім деңгейінің жоғары сатысына  көтеріле алатын ұстаздар;
  • Жүрек жылуын балаға, ана мен әкеге, ата-әжеге жеткізіп жүрген әйелдер;
  • Біздің тамаша үйіміздің қабырғаларында достық, шығармашылық атмосферасын  құрастыра білетін  әріптестер.

 


Жаңалықтар


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

«Ақмола – адалдық алаңы»

Текст